Әнші Альбина Шардарова күйеуімен романтикалық кездесу ұйымдастырды (видео)
Жарияланған күні:
Күйеуімен романтикалық кездесу ұйымдастырған Альбина Шардарова көпшілікті сүйсінтті. Екі қыз тәрбилеп отырған Бауыржан Сатов пен Альбина Шардарованың сезіміне куә болғандар екеуіне бақыт тіледі, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Күйеуім Бауыржан Сатовпен кездесу", - деп жазды Альбина Шардарова Instagram парақшасында.
Ал желі қолданушылары жұлдызды жұпқа бақыт тілеп, ақ тілектерін жаудырған.
"Ыстық сезіммен өмір сүргенге не жетсін?", "Керемет жұп. Тіл-көзден сақтасын", "Жұптарыңыз жазылмасын. Ғұмырлы болыңыздар", "Сіздің бақытыңызға қызығамын", "Бақытты болыңыздар", - деді желі қолданушылары.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Бауыржан Сатов бала тәрбиесінде ұстанатын қағидалары туралы баяндап берген болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1999890-ansi-albina-sardarova-kuieuimen-romantikalyq-kezdesu-uiymdastyrdy-video/