Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Режиссер Әділхан Ержанов: Болашақ - стриминг платформаларының еншісінде

Жарияланған күні:

Әділхан Ержанов
Әділхан Ержанов. Фото: АПН

Қазақстандық режиссер Әділхан Ержанов осы уақытқа дейін фильм түсірумен айналысты. Алайда ол бүгінгі таңда стриминг сериал түсіруге кіріскен. Жуырда оның "Замерзшие" хикаясы ресейлік стриминг платформаларының бірінде басталған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бүгінде Әділхан Ержанов отандық кино саласында үздік режиссерлерінің бірі саналады. Оның "Голиаф" толықметражды фильмі прокатта көрсетіліп, "Бастау" кинофестивалінде "Адемоканы оқыту" картинасы таныстырылды.

Ал жақында ресейлік стриминг платформаларының бірінде ол түсірген "Замерзшие" хикаясының көрсетілімі басталады деген ақпарат тарады. Бұл туралы Әділхан Ержановтың өзінен сұрап, оның шығармашылығы мен туындылары жөнінде әңгімелесуді жөн көрдік.

– Әділхан, сенің есімің тек авторлық, атрхаус киноларымен тығыз байланысты еді. Хикая түсіруге не түрткі болды?

– Болашақ - стримингтік платформалардың еншісінде, қазірдің өзінде солай. Телесериалда жол берілмейтін және оның үлгісіне сәйкес келмейтін заттар стриминг сериалдарына жақсы келеді. Ал нақты менің туындыма келер болсақ, жобаның продюсерлері Иван Самохвалов пен Максим Иванов бұған дейін менімен тікелей жұмыс істеген, көркем шығармашылық тәжірибеге дайын.

Олар үшін жай ғана коммерциялық тауар емес, көркем шығарма жасау маңызды болды. Ауысымдар да жеткілікті болды. Сценарийге де мұқият қарадық. Стримингтік платформаларға арналған хикаялар сапалы жұмысты қажет етеді, сонысымен де ерекше. 70-80 ауысымда жеті хикаялы фильм түсіру мен 40 ауысымда 30 хикаялы жоба түсіргеннің айырмашылығы үлкен. Стриминг сериалдары сапа деңгейін көтереді. Ал теледидар бұл тұрғыда жиі артта қалып жатады.

– Бұрын сен кинопрокатқа қызықпайтын едің, фильмдерің тек фестивальдерде шығатын. Ал соңғы уақытта сенің туындыларың кинотеатрлардан жиі көрсетілуде.

– Мен қазір де қызықпаймын. Қуанышымызға орай, стримингтік платформалар пайда болды. Ол жерде кез келген адам қалағанын көре алады. Ал продюсерлер мен прокатшылар фильмнің табысына қатысты бас ауыртпайды. Ол жерде жанрдың үстемдігі жоқ, кез келген адамның талғамына сай фильмдер мен сериалдар бар. Бір ғана жетіспеушілік – үлкен экранның болмауы.

Әділхан Ержанов түсірілім алаңы
Әділхан Ержанов түсірілім алаңы. Фото: АПН

– Сәтсіз шыққан фильмдерді атай аласыз ба?

– Әр фильм мен үшін қымбат. Шығармашылық мақсатқа толық қол жеткізу әрдайым бола бермейтін жетістік. Бұл тұрғыда мен "Түнгі Құдай" фильмін белгілі бір сәтсіздік деп атай аламын. Мен одан "ғаламат туынды жасаймын" деп ойладым. Көркем образдар тұрғысынан да ол керемет болатын. Бұл іс жүзінде суретші Ермек Өтегеновтың бенефисі. Фильмнің барлығы дерлік арнайы салынған декорацияларда түсірілді.

Шағын пәтер-хрущевка, киіз үй, телестудия, шіркеу және жер асты баспанасы – барлығы құрастырылған декорациялар. Біз "Қазақфильмде" тұтас көшені салдық және киностудияның жанында тұрған Петропавл соборы оған әдемі үйлесетін. Бірақ мен сценариймен толық жұмыс істемеген сияқтымын.

Фильм өте көркем, бірақ тым абстрактылы, қатаң сюжет жоқ. Суретшілердің, актерлердің жұмысы да керемет болды. Бірақ әдеттегідей, бірдеңе дұрыс болмаса – режиссер ғана кінәлі.

– Өзің құлақ асатын сыншылар бар ма?

– Марқұм Бауыржан Нөгербектің пікірі мен үшін әрдайым бағалы еді. Қазір үнемі Олег Михайлович Борецкийдің пікіріне құлақ асамын. Оған өз фильмдерімді көрсетіп отыру маңызды. Ол өте зиялы адам, бір жаманы, ойын тіке айта салмайды. Дегенмен, неге назар аудару керектігін аңғартады.

Ал хейтерлерге қалай қарайсың?

– Барлығына назар аудару керек, арасында оларды тыңдаған жөн. Мен режиссер ретінде бұл сөздерді елемеуім де мүмкін. Бірақ тыңдап, расында не ұнамағанын түсінуге тырысамын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2003412-rezisser-adilxan-erzanov-bolasaq-strimingtik-platformalardyn-ensisinde/