"Ұлымды қайтармайды": Әсел Асқар дәрігерлерді неге кінәламайтынын түсіндірді
Жарияланған күні:
Былтыр кенже ұлы ауыр дерттен көз жұмған Әсел Асқар алғаш рет толыққанды сұхбат берді. "MOM'sкий әңгіме" бағдарламасында әнші ұлының дертіне қатысты ашық айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Бұл менің саналы жүктілігім, саналы босануым болды. Мен босану кезінде жалғыз болдым. Еш қорқынышсыз, сабырлы қалпымды сақтадым. Ультрадыбыстық зерттеуге түстім, бәрін уақытылы жасадым. Менің жүктілік картамды тексерсе, барлығын уақытылы жасағанмын. Бірақ бұл патологияны 18 аптасында анықтау мүмкін еді.
Дәрігер келіп, тексеріп жүрді. Бұл бір мистика сияқты. Мен баламды ай сайын тексертетін мазасыз ана болмадым. Бірақ, ешқашан антибиотикпен емдеген емеспін. Еш ана баласының ауру екенін алдын ала ойламайды ғой.
Баламның дауысының неге қарлыққанын тексертуге барғанмын. Баланың тісі шыққанда қызуы көтеріліп, мұрны ағып, мазасызданады ғой. Сол сияқты, баламды тексерту үшін еш алаңсыз дәрігерге бардық. Дәрігер қабылдауда "бұл өкпесі емес" деді. Мен "Сонда бұл не?" дедім. Ойымда еш жамандық болған емес. Ұлымды ультрадыбыстық зерттеу жасайтын маман болмағандықтан, рентгенге жатқызды.
Мен баламның денсаулығын тексерту үшін барғанмын. Осы тексерілудің алдында 2 ай бұрын дәрігердің кезекті қабылдауында болдық. Дәрігер баламның жүрегін тексеріп, "Жүрегінде шуыл бар. Бірақ бұл балалардың көбінде болады" деді. Мен тіпті бұл сәтті видеоға түсіріп алғанмын.
Бірақ қазір мұның бәрін қазбалағым келмейді. Егер мен мұны бастасам, соңына дейін баруым керек болады. Бірақ бұл менің ұлымды қайтармайды ғой.
Ол (дәрігер - ред.) менімен бірге босанды. Бәле іздеуге болады. Мені көп аналар қолдайтын еді. Менімен бірге (сол дәрігерде - ред.) Салтанат Бақаева босанды. Ол кісі (дәрігер - ред.) менің таныстарымды босандырып алды. Бірақ, оларда бәрі жақсы ғой. Кейде ағынмен жүзуге тура келеді", - деді Әсел Асқар.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2006867-ulymdy-qaitarmaidy-asel-asqar-darigerlerdi-nege-zazalamaganyn-tusindirdi/