Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Анар Батырхан қандай жігітке тұрмысқа шыққысы келетінін айтты

Жарияланған күні:

Анар Батырхан
Анар Батырхан. Фото: instagram.com/anarabatyrkhan

Актриса Анар Батырхан шоу-бизнес әлеміндегі сұлулығы мен таланты арқылы тамсандырған ару. Басы бос ару қашан және қандай жігітке тұрмысқа шыққысы келетіні жайлы NEGE.KZ сайтына берген сұхбатында айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Өнер саласындағы басы бос қыздардың бірі болған соң, осындай сауал жиі қойылады. Сезімін білдірген жігіттерден "Егер саған тұрмысқа шықсам, сахнаға шығуыма тыйым саласың ба" деп сұраймын. Көпшілігі "үйленгеннен кейін үйде отырасың" дейді. Ондай жігіттермен қарым-қатынасты бірден үземін.  

Әрине, сөз салатын жігіттер жетеді. Дегенмен,  өнер жолындағы қыздарға өмірлік серігін табу қиындау секілді. Себебі, жасым отызға келгендіктен мен де алды-артымды саралап, саналы түрде шешім қабылдайтын деңгейге жеттім", - деді актриса.

Сонымен қатар Анар Батырхан шетел азаматына тұрмысқа шығуға көзқарасын да айта кетті.

"Шетелдік жігітті сүйген қыздарды сөгуге менің қақым жоқ. Себебі, өз тағдырымның қалай болатынын білмеймін. Мәселен, алыс-жақын құрбыларымның арасында "Құдай сақтасын, шетелдікті қайтем" деп жүріп, иран мен араб жігіттеріне тұрмысқа шығып кеткен қыздар бар. Бірақ өз басым ондай қадамға бармас едім. Ұлтымның ар-ожданы мен ата-анадан алған қазақы тәрбием мұндайға жібермейді. Ал жасының өзімнен үлкен немесе өзім қатарлас болғаны дұрыс деп санаймын.

Жалпы өз басым жылтыр сөйлеп, өтірік көлгірсігенді ұнатпаймын. Сізге "сіңірі шыққан тақыр кедейге тие беремін" десем, өзімді де, сізді де алдаған болар едім. Бірақ бұл "бай жігітке ғана таңдау саламын" деген сөз емес. Болашақ жарымның маған қарағанда жағдайы жақсырақ болғаны жөн. Себебі, отбасын құрып, балалы-шағалы болғанда,  отағасы менің тапқаныма қарап отырса, оның соңы жақсылыққа апармайды", - деді Анар Батырхан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2007190-anar-batyrxan-qandai-zigitke-turmysqa-syqqysy-keletinin-aitty/