"Өнер жолымды бастағанда Жұлдыз 3 жаста болған": Айқын өзі жайында қызықты деректерді бөлісті
Жарияланған күні:
Отандық әнші Айқын өзі жайлы көпшілік біле бермейтін тың ақпаратты бөлісті. Әнші төрт баласына да үй алып қойғанын және олардың барлығы жекеменшік мектептерде оқитынын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Әнші жайлы қызықты дерек "Гәкку" арнасының Instagram желісінде жарияланды.
"Құлаққапсыз ұйықтай алмаймын. Аудиокітап пен подкаст тыңдағанды жақсы көремін. Таза мақтадан тігілген киімдерді таңдаймын. Классикалық киімдерді ұнатпаймын және оны тек жұмысқа киемін.
Шоу-бизнес әлемінде бір менеджермен ұзақ жұмыс істеген әртіспін. Біз 14 жылдан бері біргеміз. Тек жанды дауыста ән саламын, тіпті тойда да солай. Биыл сахнада жүргеніме 20 жыл болды.
Мен несиеге жоламаймын және өзгелерге алуға кеңес бермеймін. Төрт балама да жеке үй алып қойдым. Олардың барлығы жекеменшік мектептерде білім алады.
Мен "Алтыным" әнін алғаш орындап, өнер жолымды бастағанда жұбайым Жұлдыз 3 жаста болған. Ешқашан жол полициясына пара берген емеспін", - деді Айқын.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Жұлдыз Өмірғали жұбайы Айқынның төрт баласын да үймен қамтамасыз етіп қойғанын айтқан болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2007870-oner-zolymdy-bastaganda-zuldyz-3-zasta-bolgan-aiqyn-ozi-zaiynda-qyzyqty-derekterdi-bolisti/