Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Алғашында қызық көрінді": Айжан Байзақова ұлы мен жұбайының қарым-қатынасын сөз етті

Жарияланған күні:

Айжан Байзақова
Айжан Байзақова. Фото: instagram.com/bayzakova

Қазақстандық блогер Айжан Байзақова әлеуметтік желіде оқырмандарының сұрағына жауап берді. Желідегілердің басты сұрағы блогердің жеке өміріне қатысты болған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Желі қолданушылары Байзақованың ұлы Аланның жұбайын қалай атайтыны қызықтырған.

"Айтпақшы, соңғы аптадан бері "әке" деп атайтын болды. Біздің Алан өте ақылды. Өзі күйеуіме барып "Сізді "әке" деп атасам болады ма?" деп сұрады. Ал күйеуім "Әрине, болады" деп жауап берді.

Сонымен қатар ұлым "Менің көп атам мен апам бар. Менің енді екі әкем болады" деді. Қызық, иә?! Қазір осылай атап жүр. Мен үшін бұл алғашында қызық көрінді. Бірақ қазір үйреніп кеттім", - деп жауап берді блогер.

Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылдың қазанында тұрмысқа шығып, дүркіретіп той жасаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2007884-algasynda-qyzyq-korindi-aizan-baizaqova-uly-men-zubaiynyn-qarym-qatynasy-turaly-aitty/