Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бір жыл бойы қиналдым": Марат Оралғазин әйелінің анасын "мама" деп айтудың оңай болмағанын айтты

Жарияланған күні:

Марат Оралғазин, Ганвест
Марат Оралғазин, Ганвест. Фото: Қызық премия

Танымал шоумен әрі тележүргізуші Марат Оралғазин "Хабар" арнасындағы АйнаLine бағдарламасында қонақ болып, қайын енесіне қатысты қызықты жайтты баяндап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мараттың айтуынша, оған әйелінің анасын "мама" деп атау алғашында қиындық тудырған.

"Шыны керек, мен қайын енемді бірден "мама" деп айтып кете алмадым. Бір жылдай уақыт кетті үйренісу үшін. Әрине, мұны көріп отырған мамам маған ренжімейтін шығар. Бұл өзі психологиялық нәрсе. Сенің өз мамаң бар, бірақ тағы да мама деп айтуың керек... Шыны керек, бұл менің өмірімнен алынған нәрсе. Басында қиналып жүрдім. Мұндай жағдай көптеген ерлердің басында бар. Барлық еркектерге сай дүние", - дейді Оралғазин.

Айта кетелік, бірнеше жыл бұрын Марат Оралғазин Испанияның "Атлетико" мен "Барселона" командаларының жұлдызды ойыншыларымен кездесіп, бір алаңда жаттыққан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2008537-bir-zyl-boiy-qinaldym-marat-oralgazin-aielinin-anasyn-mama-dep-aitudyn-onai-bolmaganyn-aitty/