Актриса Жанель Мақажан той көйлегін көрсетті (фото)
Жарияланған күні:
Қазақстандық актриса Жанель Мақажан Instagram желісінде оқырмандарына той көйлегін көрсетті. Екі баланың анасы қалыңдық салонына күйеуімен бірге келген, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Еске салайық, 2021 жылдың жазында актриса Жанель Мақажанға сырға салынған болатын.
Кейінірек актриса балалары мен екінші күйеуі Абай Асылханның қарым-қатынасы жайлы айтып берді.
Жұлдызды жұп мешітте мұсылманша неке қидырды, алайда той жасамаған.
Жанель мен Абай Асылхан бүгін Instagram желісінде қалыңдық салонынан түскен суретін жариялады.
"Салонға келдік, көйлек таңдаймыз. Қайсысын таптық? Дұрыс, той. Менің реакциямды көргің келеді ме?" – деп сұрады Абай Асылхан әлеуметтік желідегі жазылушыларынан.
Кейінірек ол әйелінің ақ көйлек киген сәтін қалай қабылдағанын көрсетті.
Ал Жанель Мақажан желіде "Күн қызықты жерден басталды" деп жазып, ақ көйлегін көрсетті.
Сондай-ақ Абай Асылхан да тойға алған костюмін көрсетті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2009731-aktrisa-zanel-maqazan-toi-koilegin-korsetti-foto/