"Бір көліктен бас тарттым": Әнші Тұрар Ыдырыс 20 млн теңгеге бейнебаян түсірді
Жарияланған күні:
Отандық әнші Тұрар Ыдырыс продюсерімен жұмысын тоқтатып, біраз уақытқа көрермен назарынан тыс қалды. Әнші көпшілікке 20 млн теңгеге түсірілген су жаңа бейнебаянын ұсынып, жаңа есіммен өнерге қайта оралды, деп жазады "Ревю" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Әншінің айтуынша, продюсерден бөлек кеткесін түрлі қиындықтар туындаған.
"Ондай нәрсені айтқым келмейді. Болашақта да айтпауға тырысамын. Бірақ мәселелер бар, шешіліп жатыр", - деді Тұрар Ыдырыс.
Арадағы үнсіздіктен кейін Тұрар Ыдырыс "Мұңды өлең" атты бейнебаянын жарыққа шығарды.
Бейнебаянда қоғамдағы әйелдердің маңызын көрсеткен. Нәзік жандыларға қоғамда жасалатын қысым мен тұрмыстық зорлық-зомбылықты бейнебаянда қазақ тарихы арқылы көрсеткен.
"Шынында еш асыра сілтеусіз 20 млн теңгеден артық қаражат жұмсалды. 300-ден аса адам жұмыс істеді. Үш ай дайындалып, бір апта түсірілген бейнебаян. Мен осы бейнебаян үшін бір көліктен бас тарттым", - деді Тұрар Ыдырыс.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2009809-bir-kolikten-bas-tarttym-ansi-turar-ydyrys-20-mln-tengege-beinebayan-tusirdi/