Әли Оқапов баласымен бірге түскен суретін бөлісті (фото)
Жарияланған күні:
Бірнеше күн бұрын Мақпал Жүнісова халық әртісі Роза Рымбаеваны немерелі болуымен құттықтап, желіде сүйінші жаңалықты мәлім еткен болатын. Ал бүгін Роза Қуанышқызының ұлы Әлі Оқапов желіге баласының қолынан ұстап тұрған суретті жариялады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Әке", - деп хештег қалдырды Әли Оқапов Instagram парақшасында.
Ал желі қолданушылары әншінің отбасындағы қуанышқа ортақтасып, ақ тілектерін арнады.
"Бауы берік болсын", "Керемет отбасының ұрпақ жалғастығы ұзағынан болсын", "Құтты болсын", "Сіздер үшін өте қуаныштымын", " Балапанның бауы берік болсын. Зейінді саналы ұрпақ болсын", - деп жазды желідегілер.
Естеріңізге сала кетейік, бірнеше күн бұрын желіде Роза Рымбаеваның немерелі болғаны жайлы ақпарат тараған еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2010372-ali-oqapov-balasymen-birge-tusken-suretin-bolisti-foto/