Әнші Индира Расылхан психологиямен айналысып кетті
Жарияланған күні:
Отандық әнші Индира Расылхан қазіргі таңда психологияға бет бұрып, білімін курс арқылы көпшілікке үйретуде. Өнер иесі бұл жолға қалай келгенін және курсының қанша тұратынын айтты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
"Осы уақытқа дейін Алланы танып, сол жолда жүрген адаммын. Дегенмен, батыс психологиясы бізге енген соң ойлана бастадым. Себебі, батыс психологиясы біздің қазақы психологияға мүлдем келмейді. Қарама-қайшы нәрселер өте көп. Біздің қазақтың қыз-келіншектері осыған еріп бара жатыр. Соған қатты қынжылдым. Осылайша, осы жолға келуді, пайдалы болуды ойладым. Иә, оқыған психолог деген сертификатым бар. Психологиялық білімім бар. Діни білімім мен осы психологиямды ұштастыра отырып, халыққа дұрыс, пайдалы ақпарат жеткізгім келеді.
Психологиялық тұрғыда батыстың психологиясы адамның эгосын өсіріп жібереді. Менің курсымда кішіпейілділікке үйренеді. "Ұлық болсаң, кішік бол" дегендей, кішіпейіл болуға үйретемін. Дінде де адамды сыйлау туралы айтады. Мұның бәрін үйренген адам жаман болмайды. Ешкім емес, тек Алланың құлы екенін адамдар естен шығарды. Мен соны түсіндіргім келеді", - деді Индира Расылхан.
Сонымен қатар әнші жеке адаммен терапия өткізетінін де жасырмады.
"Мен жалпы коуч-мотиватор емеспін. Өзім жеке терапия жасаймын. Онлайн курс жақында ғана бастадым. Адаммен жеке жұмыс жасаймын. Бұл жерде курс арқылы тәкаппарлықтан арылады.
Мысалы, адамдар көптеген сынаққа тап болады. Осы кезде адамдар "өзімді өзгерткім келеді" деп келеді. Өмірін басқа арнаға бұрғысы келетіндер жазады. Бірақ ешкім тәкаппарлықты мойындамайды. Курста адамға өзінің осы менмендігінен арылуына атсалысамыз", - деді Индира Расылхан.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2011666-ansi-indira-rasylxan-psixologiyamen-ainalysyp-ketti/