Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Осы көктемнің ең романтикалық альбомы: Ninety One & Raffaello Абай өлеңдеріне жазылған альбомын жарыққа шығарды

Жарияланған күні:

Ferrero
Фото : Ferrero Kazakhstan

Ninety One тобы Абай өлеңдеріне жазылған альбомын жарыққа шығарды. Топтың «Махаббат сөзі» альбомын топтың жанкүйерлері ғана емес, басқа да тыңдаушылар жылы қабылдады. Альбомда қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының мұрасы музыкалық дыбысталуы мен аранжировкасы жағынан заманауи тұрғыда берілді. «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай» және «Айттым сәлем, Қаламқас» тректерін raffaellolove.kz сайтынан және әйгілі стриминг сервистерінен тыңдауға болады.

Топты жаңа альбомды жарыққа шығаруға Raffaello бренді шабыттандырды. Көктемгі топтаманың жарыққа шығуына орай бренд командасы ерекше, шынымен әдемі әрі маңызды жобаны дайындады. Дизайндағы шығармашылық шешім — махаббат туралы сөздер, оны көктемгі Raffaello қаптамасының әрқайсысынан табуға болады.

Команда бір орында тұрмай, Ninety One-мен коллаборация жасай отырып, қазақ халқының ұлы ақынының өлеңдеріне жазылған «Махаббат сөзі» альбомын жарыққа шығарды. Топ үшін де, бренд үшін де Абай Құнанбайұлының туындыларынан шабыттанған осы жоба жай ғана сөз бен әуен емес, бұл жас ұрпақпен ең маңызды нәрсе — мәдени мұра туралы тілдесу.

Raffaello шектеулі сериясы мен Ninety One тобы бейнеленген түрлі-түсті жарнамалық материалдарды сауда орындарынан да, Алматы қаласының көшелерінен де көруге болады. Одан бөлек, альбомға визуалды қосымша ретінде Ninety One альбомдағы тректерге бейнероликтер жазды.

Жоба командасы бейнені тректер жасағандағыдай құлшыныспен жасады: бірегей стильді жеткізіп, қазақ тілінің әдемілігін көрсете білді. Роликтерде Raffaello-ның нәзік минимализмі, Ninety One-ның бірегей авторлық көзқарасы және де ұлы Абайдың мәңгі сөздерінің санамыздағы бейнесі керемет үйлесім тапқан.

*PR құқығында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2011872-osy-koktemnin-en-romantikalyq-albomy-ninety-one-raffaello-abai-olenderine-zazylgan-albomyn-zaryqqa-sygardy/