Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бұл - қорлау": Тойда Мадина Садуақасованың бетінен сүйген ер адамның видеосы қызу талқылануда (видео)

Жарияланған күні:

Мадина Сәдуақасова тойда
Мадина Сәдуақасова. Скриншот: instagram.com/shyndykz

Тойда отандық әнші Мадина Сәдуақасованың бетінен белгісіз ер адам сүйіп алған. Ер адамның бұл әрекеті әлеуметтік желіде кеңінен талқыланып жатыр. Әншінің өзі бұл видеоға қатысты Instagram парақшасында пікір білдірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Видео әлеуметтік желіге таралып кеткеннен кейін "Не молчи" қорының негізін қалаушы Дина Тәңсәрі осы жағдайға байланысты пікір білдіріп, Instagram желісінде мұның өзге адамның жеке шекарасына қолсұғушылық әрі қорлау деп есептейтінін айтты.

"Мен бұл тақырыпты талқылауға шығардым. Себебі, бір ханыммен осы жөнінде дауластым. Бірақ "Ақысын төледі, шыда" деген пікірді ұстанатындар әлдеқайда көп пе деп қорқамын. Олар әншінің ән айтқанынан бөлек, оған тиісуге болады деп есептейді", - деп жазды Дина Тәңсәрі.

Ал Мадина Сәдуақасова әлеуметтік желіге таралған видеодағы жағдайға байланысты пікірін парақшасында әзілмен жеткізді.

"Қандай әдемі Мадина? Бірақ бетін тістеп алса, түрі жаман болып кетеді екен", - деп күлді Сәдуақасова.

Ал желі қолданушылары болса, ер адамның бұл әрекетін әншіні сыйламау әрі қорлау екенін жазуда.

"Осы әрекетті ақтайтын әйелдердің бары өкінішті", "Біреуді құшақтауға, рұқсатсыз сүюіне құқығы жоқ", "Ақшасын төлесе, әнші осындай қолсұғушылыққа төзуі керек пе?", "Масқара", "Әнші гонорарды бейтаныс адамның рұқсатсыз сүйгені үшін емес, өнер көрсеткені үшін алады", "Өте жиіркенішті. Адамның рұқсатынсыз оған жақындауға болмайды. Бұл біреудің жеке шекарасына қолсұғушылық", - деді желідегілер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2012389-toida-belgisiz-er-adam-madina-saduaqasovanyn-betinen-suiip-aldy-video/