"2 рет қана кездестік": Жұлдызай Дүйсенбиева тұрмысқа шықпас бұрын түсінде күйеуінің әжесін көргенін айтты
Жарияланған күні:
Отандық актриса Жұлдызай Дүйсенбиева күйеуімен қалай танысқанын айтып, жан сырын ақтарды. "Алғашқы" бағдарламасында актриса күйеуінің өзінен бір жас кіші екенін айтып, түсінде болашақ үлкен енесін көргенін жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Мен бір жас үлкенмін. Өмірсеріктің (актрисаның күйеуі - ред.) анасы да әкесінен бір жас үлкен. Анасы - тауық жылғы, әкесі - ит жылғы. Мен де - тауық жылғымын, жұбайым да - ит жылғы. Менің тегім - Дүйсенбиева, ал оныкі - Жексенбаев. Осындай ұқсастығымыз өте көп.
Мені киноға шақырды, бармай қойдым. Шымбұлаққа шақырды, мен "бармаймын" дедім. Сосын Сол кезде Өмірсерік "бұдан кейін айтпаймын" деді. Екі рет қана кездестік. Үшіншісінде аналарымыз кездесетін тәтті шай болды. Төртіншісінде үйлендік. Мен Өмірсерікпен бірнеше апта телефонмен сөйлескеннен кейін "бұл менің адамым" деп білді.
Одан кейін түсімде бір үлкен әжені көрдім. Үлкен ақ орамалды ұшып келіп, басыма жапты да "сен менің немереме тұрмысқа шығасың" деді. Сосын кім екен деп ойладым да қойдым. Өмірсерікке айтқанымда "сұрап көрмедің бе, мүмкін менің әжем шығар" деді. Кейін келін болып түскеннен кейін әжесінің суретін көріп, "мен мына кісіні көргенмін" дедім.
Сосын беташардан кейін таңға таяу әжесін тағы көрдім. Ол кісі маған сәукеле сыйлады. Мен "өмірге қыз бала келеді" дедім. Солай болды. Өмірсерік өзгелерге өзі көрінгісі келмейді. Мемлекеттік қызметкер, оған әлеуметтік желіде отыруға болмайды", - деді Жұлдызай Дүйсенбиева.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2015118-2-ret-qana-kezdestik-zuldyzai-duisenbieva-turmysqa-syqpas-buryn-tusinde-kuieuinin-azesin-korgenin-aitty/