"Өскеменнің келіні": актриса Гүлназ Жоланова үйлену тойынан фото жариялады
Жарияланған күні:
Жақында ғана тұрмысқа шыққан қазақстандық актриса Гүлназ Жоланова үйлену тойында күйеуімен түскен эксклюзивті суретін жариялады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Гүлназ Жоланова көпшіліктен жасырған күйеуімен түскен суретін өзінің Instagram парақшасында жариялады. Дегенмен актрисаның сүйіктісінің бет-келбеті көрінбегендіктен, оның кім екені белгісіз.
"Наурыз ғажап ай болды", - деп жазды актриса.
Сондай-ақ Жоланова жариялаған екінші суреттің Өскемен әуежайында түсірілгенін айта кеткен жөн.
Оның суретін көрген желі қолданушылары жас келінге ақ тілегін жаудырып, бақыт тіледі.
"Бақытты бол, Гүлназ", "Жаным, құтты болсын", "Бақытты болыңыз", "Маған да жұғысты болсын", "Өскеменге, біздің шығысқа келін боп түстіңіз бе?", "Өскеменге келін болған қадамыңыз оң болсын", - деп жазуда олар.
Жылы лебізін білдіргендер қатарында әнші Ділназ Ахмадиева, актрисалар Жанел Мақажан мен Динара Бақтыбаева сынды өнер жұлдыздары да бар.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2015258-oskemennin-kelini-aktrisa-gulnaz-zolanova-uilenu-toiynan-foto-zariyalady/