"Біраз уақыт ұялдым, жасырынып жүрдім": Тамара Асар 45 жасында қалай ана атанғанын айтты
Жарияланған күні:
Көрерменнің сүйікті әншілерінің бірі Тамара Асар "Жақсы адамдарым" бағдарламасында қонақ болып, өзінің 45 жасында ана атанғанына қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
"Өмір - тамаша. Ал қызым Ажар туылғалы бері өмірім тамашаның тамашасына айналды. Өмір ажарланды. Бұл әуелі жаратқанның, алған білімнің, көрген тәжірибемнің және ата-анамның тәрбиесінің арқасы деп ойлаймын. Әкесінің галстугын түзейтін, әже болғанда менің орамалымды түзейтін бір қызым болса деген, арманым бар еді. Сол арманыма жеттім, шүкір.
Негізі, менің әкем терең ойлайтын адам еді. "Әлемдегі ең мықты жігітке менің анам тұрмысқа шыққан. Ал маған сондай жігіт қайдан табылады?", - дейтінмін. Сонда әкемнің: "Саған 45-ке келсең де, мықты жігіт жолығады. Қырықтан кейін де, 45-ке келгенде де топ еткізесің", - дегені бар.
Тілек қабыл болды. Ұялдым. Үлкен болмасақ та, орта буынның шетіне жетіп қалған едік. Біраз адамға "Тамара апа" болған кезім. Біраз жерде көрінбей, жасырынып жүрдім. Соңғы кезде жасырыну мүмкін болмады. Мәскеуде түсірілім болатын еді, соған бардым. Мені көрген іні-сіңлілерім: "Тамара апа, жүрісіңізге не болған", - дейді. "Апаларың осылай болып қалды", - деп, орталарынан өтіп кеттім. Кім не айтар екен деп, өзімді көп үйреттім", - дейді өнер жұлдызы.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2016141-biraz-uaqyt-uyaldym-zasyrynyp-zurdim-tamara-asar-45-zasynda-qalai-ana-atanganyn-aitty/