Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тосынсый жасадым": әнші Қарлығаш күйеуіне су жаңа көлік әперді (видео)

Жарияланған күні:

Қуаныш Қарлығаш
Қуаныш пен Қарлығаш. Фото: instagram/kuanysh_karlygash

Отандық жұлдызды жұп Қуаныш пен Қарлығаш дуэті көпшілікке отбасылық қуанышын көрсетті. Әнші Қарлығаш күйеуі Қуаныш Құрманбаевқа су жаңа көлік тарту еткенін Instagram парақшасында көрсетті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Алланың қалауымен тосынсый жасадым. Жұғысты болсын", - деп жазды Қарлығаш.

Ал желі қолданушылары әншіні су жаңа темір тұлпарымен құттықтады.

"Керемет", "Құтты болсын", "Бізге де жұғысты болсын", "Қандай тамаша", - деп пікір білдірді желідегілер.

Айта кетейік, Қуаныш пен Қарлығаш көпшілікке "Сен барда", "Анама" секілді әндерімен теңінен таныс.

Естеріңізге сала кетейік, Мереке Қалбаева мен күйеуі Әрсен Акиевтің шаңырақ көтергеніне бес жылдың жүзі болған. Айтулы отбасылық мерекеде Мереке Қалбаева да жұбайына су жаңа көлік сыйлаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2016980-ansi-qarlygas-kuieuine-su-zana-kolik-aperdi-video/