Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бұрыннан кездеседі деп ойлаған": танымал актриса өзін Төреғалимен байланыстырғандарға жауап берді

Жарияланған күні:

Мадина Оспан
Мадина Оспан. Фото: instagram/ospanova.mm

Танымал актриса Мадина Оспан "Жетінші" арнадағы "Қыздар-ай" бағдарламасында қонақ болып, өзін Төреғали Төреәлімен кездеседі деп ойлайтын көпшілікке ашық жауап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Айта кетелік, актриса Төреғали Төреәлінің "Ұлы дала комедиясы" туындысында басты рөлдердің бірін ойнаған.

"Ол кезде мен тұрмыста болмадым. Бірақ жолдасыммен 2015 жылдан бері жүріп бастағанбыз, негізі. Қыз бен жігіт ретінде кездесіп жүрдік. Онда қызғаныш болмады. Оған мені экраннан көрген ұнайтын. Ең алғаш мені үлкен экраннан көргенде: "Бұл сенің жұмысың, осымен тоқтама" - деп, қолдау көрсетті. Ең қызығы - менің күйеуімнің де аты-жөні ТТТ. Оның көлігінің нөмірі де - ТТТ. Төреш ағада да ТТТ ғой бәрі.

Жігітім мені түсірілім алаңынан кейде алып кететін. Ал түсірілім алаңындағылардың көбісі мені Төреш ағаның өзі алып кетіп жүр деп ойлапты. Режиссердің қасындағы бір адам: "Сені Төрештің өзі алып кетіп жүр ғой, иә?", - деп сұрады. Оның да көлігінің нөмірі ТТТ ғой. "Жоқ, мені жігітім алып кетеді", - деймін. Бәрі осылай басталыпты.

Мен ол кезде желіде жеке өмірімді көп жарияламайтынмын. Ал жігітіме арналған жазба болса, "Т", "ТТТ" деп хэштег қосып қоятынмын. Кейін фильм жарыққа шыққасын, көпшілік мені Төреш ағамен бұрыннан кездесіп жүр деп ойлаған. Бұл туралы порталдарға да шығып, жеке өмірімде аздаған түсініспеушіліктер тудырды. Қызғаныш болды", - деді Мадина Оспан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2017026-tusinispeusilik-tudyrdy-tanymal-aktrisa-ozin-toregali-torealimen-kezdesedi-dep-oilaityndarga-zauap-berdi/