Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қайын ағам айтты": Бағлан Әбдірайымовтың жұбайы күйеуінің құмар ойыны жайлы айтып, жан сырын ақтарды (видео)

Жарияланған күні:

Бағлан Әбдірайымов
Бағлан Әбдірайымов. Фото: instagram.com/baglan_abdraimov_official

Отандық әнші Бағлан Әбдірайымов осыдан бірнеше жыл бұрын құмар ойынның құрбаны болғанын ашып айтып, тіпті ол жайлы фильм түсірді. Әншінің жұбайы Роза Айтпаева "Алғашқы" бағдарламасында жұбайының казино ойнағаны жайлы алғаш рет пікір білдіріп, жан сырын ақтарды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Ең алғаш казино ойнап жүргенін сезген де жоқпын. Бір күні киімін жинап жатсам, қалтасынан тұтатқыш түсіп қалды. Сыртында казиноның аты жазылып тұр. "Мынаны қайдан алдың" деп едім, "Балалардыкі ғой" деді. Ешқандай ойым жоқ.

Содан жайлап Бағлан үйде аз бола бастады. Кешігіп келе бастады. Телефоны өшіп тұрады. Түнде қоңырау шалсам, телефонына қоңырау бармайды. Бағлан бір күні түсірілімге бармай қалды. Продюсер қайын ағам бар, сол кісі "Бағлан қайда" деп маған қоңырау шалады. Мен "Білмеймін, телефоны өшіп тұр. Жұмыста шығар, байланыс жоқ жерде шығар" дедім. "Жоқ, ол казиноға барып жүр" деп ең алғаш рет қайын ағам айтты", - деп жан сырын ақтарды әншінің жұбайы Роза Айтпаева.

Сонымен қатар әншінің жұбайы құмар ойынның құрбаны болған көлік пен үй үшін өкінбейтінін жеткізді.

"Шынымды айтайын, кеткен көлікке де, үйге де еш өкінішім жоқ. Неге екенін білмеймін, еш өкінішім жоқ. Ол дүние бізге, біздің отбасымызға қайырсыз болды. Маған сол сәтте маңыздысы Бағланның санасына жетіп, осы жолды тоқтатуы болды. Қанша ақша кетіп жатса да, қанша қарыз болсақ та, Бағлан қарыздың мөлшерін айтқанда іштей "Деніміз сау болса, құтылармыз. Бірақ сенің санаңа жетсінші. Екінші рет сол жаққа аяқ баспайтындай сенің санаңа жетсінші" деп айттым.

Мен үйде әулетті, қайын ағамды, ата-анасын шақырып үлкен жиналыс жасадым. Бағлан солардың алдында сөз берді. Анасының алдында сөз берген. Бірақ сөзінде тұрмады. Былай айтқанда, дерт қой.

Балада қазір иммунитет жоқ қой. Сыртта не айтады, соны қабылдайды. Сондықтан кино түсіріп жатқанда, Қапшағайға екі қызымды алып бардым. Не себепті бардым? Қызым мұның жай кино екенін көрсін дедім. Алып барып көрсеттім. Қызым 18-20 жасқа толғанда кітапты ашып оқып, киноны көреді. Сол кезде қызыма түсіндіретін шығармын. Бірақ қазір "Сенің әкең казино ойнаған" деп, қызыма айтпаймын", - деп ағынан жарылды Бағлан Әбдірайымовтың жұбайы.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін әншінің әйелі Бағлан Әбдірайымов тұрмысқа шығу туралы ұсынысты қалай жасағанын айтып берген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2017049-qaiyn-agam-aitty-baglan-abdiraiymovtyn-zubaiy-kuieuinin-qumar-oiyny-zaily-aityp-zan-syryn-aqtardy-video/