Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сол күйі көре алмай кетті": Арман Дүйсеновті еске алған Ғазизхан Шекербеков не үшін өкінетінін айтты

Жарияланған күні:

Ғазизхан Шекербеков
Ғазизхан Шекербеков. Кадр: YouTube/"Жұртым жұтамасын"

Танымал әнші Ғазизхан Шекербеков кіші қызының есімін кімнің құрметіне қойғанын және Арман Дүйсеновтің бұл есімге қандай қатысы барын айтты. Бұл туралы ол Қызықты Weekend бағдарламасында баяндаған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Айсұлу деген ат ұнайтын маған. Оның үстіне, өзімнің ұстазым Арман Дүйсеновтің жұбайының аты Айсұлу еді. Ол әйелін қатты жақсы көретін. Ол кісінің маған өткен жақсылығы өте көп қой... "Қызымның атын Айсұлу қойдым" - деп, телефон шалғанымда, марқұм ағамыз қатты қуанды. Қайта-қайта маған өлеңдерді ұйқастырып жібереді...

Бұл қаңтар оқиғасы болып, үйден шыға алмай жатқан кез еді. "Қызымды қашан көремін, қашан шығарып аламыз?", - деп қайта-қайта сұрайды. Үйден шығудың өзі қиын болып жатқандықтан, ағадан сабырмен күте тұруды сұрадық. Сол күйі көре алмай кетті. Сол күйі кездеспедік. Айсұлу өмірге келгенде қатты қуанғандардың бірі ол Арман атасы еді. Содан кейін кездесу бұйырмады. Сол үшін қатты өкіндік.

Арман ағамен соңғы рет қыркүйек айында сөйлестім-ау... Қаңтарда кетті... Үш-төрт ай бұрын сөйлесіппіз. Маған көңіл-күйі күшті кезде хабарласатын. Ішіндегісін көрсеткен жоқ. Анда-санда бір хабарласатын. Арман ағаның сөзін екі етпейтінбіз", - деді Ғазизхан Шекербеков.

Еске салайық, белгілі композитор Арман Дүйсенов 2023 жылдың қаңтарында өмірден озды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2017059-sol-kuii-kore-almai-ketti-arman-duisenovti-eske-algan-gazizxan-sekerbekov-ne-usin-okinetinin-aitty/