Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ащы шындық": Дастан Оразбеков Алматы қаласынан неге көшіп кеткенін айтты

Жарияланған күні:

Дастан Оразбеков
Дастан Оразбеков. Фото: "Түнгі студия" бағдарламасы

Отандық әнші Дастан Оразбеков отбасымен Астана қаласына қоныс аударған. "Түнгі студия" бағдарламасына келген өнер иесі Алматы қаласынан көшіп кету себебін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Қазір Астанада тұрамын, алты жыл болды. Алматының кептелісі мазамды алды. Күніне шаруа бітпейтін болды. Ауасы ластанып кетті. Дегенмен де, ащы шындық. Оның үстіне бір өзгеріс керек болды. Алматыда тұрып қалғандай сезіндім.

Балаларымның еліміздің ордасында тамыр таратқанын дұрыс көрдім. Өзімнің де өнерімді сол жерде дамытсам деген ниет болды. Ұнап жатыр. Жоспардағыдан бөлек жақсы орта таптым. Өсем десең, ортаңды өзгерту керек екен. Бүгінде жанұялық достармыз. Оның үстіне Астанада аласапыран жоқ, баяулық бар. Сол баяулықтың арқасында жұмысың да нәтиже береді. Өзіңнің басқан қадамыңа да нақты қарайсың. Сондықтан Астана ұнап жатыр. Мен Астанада жаңа оң жағалауда, Ақорданың ар жағында тұрып жатырмын", - деді Дастан Оразбеков.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2017417-ashhy-syndyq-dastan-orazbekov-almaty-qalasynan-nege-kosip-ketkenin-aitty/