Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жұлдыз Әбдікәрімова туған күніне Заңғардың бұрынғы әйелін шақырды (видео, фото)

Жарияланған күні:

Гүлзира Айдарбекованың келіндері: Жұлдыз, Әйгерім, Жібек
Гүлзира Айдарбекованың келіндері. Фото: instagram.com/zhibekkairatkyzy

35 жасқа толып, туған күнін шоу-бизнес өкілдері арасында өткізген Жұлдыз Әбдікәрімова мерейтойына бұрынғы келіні Жібекті де шақырған. Қайрат Нұртастың кіші інісі Заңғар мен Жібек осыдан жарты жыл бұрын ажырасып кеткен болатын, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бұрынғы абысынының туған күніне барғанын Жібек Қайратқызы Instagram парақшасында мәлім етті.

"Жұлдыз туған күніңізбен құттықтаймын", - деп Жібек туған күнге арналған шақыртуды көрсетті.

Ал кейінірек туған күнде Гүлзира Айдарбекованың үш келіні бірге суретке түскен.

Сонымен қатар Жібек Жұлдызға туған күн барысында қытай тілінде тілек айтқанын да баяндап берді.

"Неге орысша көп сөйлейсің дейтін едіңіздер. Бүгін қытайша сөйледім. Ойдан шығарылған қытай тілінде тілек айт деп еді, біз шынымен қытайша тілек айттық", - деді Жібек.

Гүлзира Айдарбекованың келіндері (Жұлдыз, Әйгерім, Жібек)
Гүлзира Айдарбекованың келіндері. Фото: instagram.com/zhibekkairatkyzy

Айта кетейік, Жібекпен ажырасып кеткенін Заңғар Нұртас осыдан бірнеше ай бұрын мәлім етті. Олар 2022 жылдың наурызында шаңырақ көтерген болатын.

Естеріңізге сала кетейік, Жұлдыз Әбдікәрімованың туған күніне күйеуі Қайрат Нұртас су жаңа көлік тарту еткен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2018300-zuldyz-abdikarimova-tugan-kunine-zangardyn-buryngy-aielin-saqyrdy-video-foto/