Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Гу Чжун Пе": әнші Ернар Айдар имиджін өзгертіп, тыңдармандарын таңғалдырды (фото)

Жарияланған күні:

Ернар Айдар
Ернар Айдар. Фото: instagram.com/ernaraidar_kz

Танымал әнші Ернар Айдар мамыр айында Қазақстан бойынша гастрольдік сапарға шығатынын хабарлады. Сондай-ақ өнер иесі стилі мен шаш үлгісін өзгерткенін, тыңдармандарын жаңа әндер күтіп тұрғанын да мәлім етті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Жаңа әндер, жаңа образ, жаңа шаш үлгісі, жаңа бағдарлама", - деп жазды Ернар Айдар Instagram-дағы парақшасында.

Желі қолданушыларының дені әншінің жаңа образын жоғары бағалаған. Бірақ оның сыртқы келбетіндегі мұндай өзгерісті құптамағандар да бар.

"Уау, стильді қара", "Керемет", "Өте керемет суреттер, бұл стиль саған жарасады", "Ерекше емес, бірақ сондай әдемі", "Шаш үлгісі саған жарасады", "Гу Чжун Пе", "Маған ескі шаш үлгісі ұнаған", "Бұрынғы шашың жақсы еді" , - деп жазды пікір қалдырушылар.

Айта кетейік, биыл ақпан айында Ернар Айдардың үшінші қызы дүниеге келген еді. Әнші әйелі мен қызын перзентханадан шығарып алған кезін ерекше етіп атап өткен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2018398-ansi-ernar-aidar-imidzin-tubegeili-ozgertip-zankuierlerin-tangaldyrdy-foto/