"Өзім сияқты": Альбина Шардарованың енесі жұлдызды келіні жайлы жан сырын ақтарды
Жарияланған күні:
Отандық әнші Альбина Шардарова 2018 жылы актер Бауыржан Сатовқа тұрмысқа шыққан болатын. "Қызықты weekend" бағдарламасында Альбина Шардарованың енесі әншінің қандай келін екенін айтып берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Альбина мені қатты жақсы көретін болар, екі немеремді өзіме ұқсатып туып берді. Өзім де өте балажанмын. Бұрын бұларсыз қалай өмір сүргенмін деп айтамын.
Менің екі ұл, бір қызым бар. Бауыржан (Сатов - ред.) ең үлкенім. Қазір бірге тұрмаймыз. Бұл кісілер (Бауыржан мен Альбина) бөлек тұрады. Бірақ екі күннің бірінде бәріміз біргеміз", - деді Альбина Шардарованың енесі.
Сонымен қатар әншінің енесі келінінің қандай екенін айтып, жан сырын ақтарды.
"Жалпы балаларыма өздеріне таңдау бергенмін. Альбина танысқан күннен маған қатты ұнады. Себебі, өзім сияқты. Жаны жақын адамдар болады ғой. Альбина екеуіміздің мінезіміз өте ұқсас. Жанымды түсініп, қабағымнан не қалайтынымды біліп қоятын жан. Жалпы, мен бақытты адаммын деп ойлаймын.
Екі келіннен де жолым болды. Себебі, екеуі де өз қызым сияқты. Өз қызым алыста. Сондықтан екі келініме еркелеп жүрген жайым бар. Балаларыма, келіндеріме еркелеймін. Ұлдар еркелігімді түсіне бермейді. Қыздар түсінеді, соларға айтамын", - деді Бауыржан Сатовтың анасы келіндері жайлы.
Естеріңізге сала кетейік, әнші Альбина Шардарова мен актер Бауыржан Сатов 2018 жылы шаңырақ көтерді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2019013-ozim-siyaqty-albina-sardarova-enesi-zuldyzdy-kelini-zaily-zan-syryn-aqtardy/