"Ана болдық": балаларымен суретке түскен танымал "Асыл" тобы көпшілікті сүйсінтті (фото)
Жарияланған күні:
Көпшілікке танымал "Асыл" тобының арулары бүгінде отбасы құрып, ана атанып үлгерген. Топ мүшесі Ақерке Бүркітбай әріптес құрбыларының бас қосуынан желіге сурет жариялады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Асыл" тобының мүшесі Ақерке Бүркітбай бұл күнде ана атанған құрбыларын Instagram желісінде көпшілікке көрсетті.
"Assyl тобы балаларымен. Бүгінгі күні әрқайсысымыз сүйікті жар, ана болдық. Аллаға шүкір. Бізді сахнадан көргілеріңіз келе ме", - деді Ақерке Бүркітбай.
Ал желі қолданушылары "Асыл" тобының әншілеріне сүйсініп, жылы лебізін білдірді.
"Бақытты болыңыздар", "Қандай әдемі келіншектер", "Алла бақ берсін", "Керемет топ", "Бақыт құшағында болыңыздар", "Әрине, сахнадан көргіміз келеді ғой", - деп жазды желідегілер.
Айта кетейік, "Асыл" тобының мүшесі Ақерке Бүркітбай биылғы жылы ана атанды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2019910-ana-boldyq-balalarymen-suretke-tusken-tanymal-asyl-toby-kopsilikti-suisintti-foto/