"Химия болды": Дәурен Айдарқұлов жаңа фильмге түскен жас актрисамен арада сезім болғанын ашып айтты
Жарияланған күні:
Актер Дәурен Айдарқұлов жақында актриса Салтанат Серкебаевамен бірге отандық фильмге түскен. Өнер иесі түсірілім барысында актрисамен арада сезім болғанын "Ревю" бағдарламасында атап өтті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Біз Салтанатпен (Серкебаева - ред.) киноның алдында сөйлестік. Салтанатымыз енді, басы бос. Менің де басым бос. Жалпы, кинода махаббатты ойнаған кезде химия болады. Салтанатқа қатысты? Бір-бірімізге қатысты кішкене химия болды деп айтса болады.
Шынына келгенде, сондай сезім болды. Бірақ біз оны ары қарай дамытпауды жөн санадық. Кино барысында бұл фильмге пайда келтіреді деп ойладық. Біз оны сезінсек, оны көрермендер де сезінеді. Бірақ түсірілім біткесін, "Бір-бірімізден қашайық" дедік. Мен Сауд Арабиясына кеттім", - деді Дәурен Айдарқұлов.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2020284-ximiya-boldy-dauren-aidarqulov-zana-filmge-tusken-zas-aktrisamen-arada-sezim-bolganyn-asyp-aitty/