"Әншілердің құтырған заманы": Бейбіт Қорған кезінде көп қателік жібергенін мойындады
Жарияланған күні:
Отандық әнші Бейбіт Қорған "Ұйқым келмейді" бағдарламасында отбасына байланысты жан сырын ақтарды. Бағдарлама барысында әнші жеке өміріне қатысты сұрақтарға жауап беріп, жіберген қателіктерінің көп екенін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Бағдарлама барысында әншінің жас кезіндегі видеосы көрсетілді.
Видеода Бейбіт Қорған "Мен Киркоров сияқты қазақ эстрадасының әртісі болғым келеді. Қазақтың "Алла Пугачевасын тауып аламын" дейді.
Осы көрсетілімнен кейін бағдарлама жүргізуші Бейбіт Қорғаннан: "Пугачеваңды таптың ба", - деп сұрады.
Ал әнші бүгінде жанында бала-шағасының анасы бар екенін атап өтті.
"Бала-шағамның анасы бар. Кезінде өзімнің жіберіп қойған қателігім көп. Еркелеп, есімізді енді жиып жатырмын. Достарымның көбісі айтқандай, "Әйелдердің құтырған заманы" деген сияқты. Біздің, әншілердің жалпы өнердегі адамдардың құтырған заманы. Тәубеге келіп тұру керек.
Адам қай салада жүрсе де, ол бойындағы тәкәппарлықты жойса ғана, тәубасына келеді. Ең бірінші қарапайым болу керек. Үлкендердің батасын алып, тура жолдан таймау керек. Бүгін бармыз, ертең жоқпыз", - деді Бейбіт Қорған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2021281-ansilerdin-qutyrgan-zamany-beibit-qorgan-kezinde-kop-qatelik-zibergenin-moiyndady/