Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ақша жағын Айқын шешеді": Жұлдыз Өмірғали фильмге күйеуінің рұқсатымен түсетінін мәлімдеді

Жарияланған күні:

Жұлдыз Өмірғали сахнада
Жұлдыз Өмірғали. Фото: "Хабар" арнасы

"Кешью" тобының бұрынғы әншісі әрі актриса Жұлдыз Өмірғали комедия жанрындағы фильмге түсіп жатыр. Түсірілім барысында актриса гонорарының өскенін және барлық ақша мәселесін күйеуі Айқын реттейтінін айтты, деп хабарлайды NTK Entertainment.

"Иә, гонорарым өсті. Жалпы ақша мәселесін Айқын өз шешеді. Сол рұқсатын берсе, оның айтқанымен продюсерлер келісетін болса, мен фильм немесе телехикаяға түсемін. Продюсерім деп айтуға болады.

Ал еңбекақының бәрін отбасымызға жұмсаймыз. Баланың қамын ойлайсың. Өзім мұқтаж емеспін, бірақ көңіл-күйімді көтеретін заттарға бөлемін", - деді Жұлдыз.

Айта кетелік, жақында Айқын мен Жұлдыз арнайы сұхбат беріп, отбасылық өмірде жиі сөзге келіп қалатындарын айтқан болатын.

Сондай-ақ Айқын өзінің әншілік мансабын бастағанда, болашақ жары Жұлдыздың небары үш жаста болғанын жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2021744-aqsa-zagyn-aiqyn-sesedi-zuldyz-omirgali-filmge-kuieuinin-ruqsatymen-tusetinin-malimdedi/