Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Нұрлан Әлімжанның ғашығы": отандық әнші елге танылған хит әннің кімге арналғанын айтты

Жарияланған күні:

Нұрлан Әлімжан
Нұрлан Әлімжан. Фото: instagram/nurlan_alimzhanov_official

2000-жылдардың басында жарық көрген "Ғажайып күй" әні жастар арасында кеңінен танылды. Әнді орындаған "Азия" тобының бұрынғы әншісі Азамат Тахиров бұл әннің кімге арналғанын баяндады, деп жазады "Төрлетіңіз" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ән мәтінінде: "Айым-ау, мен сені сүйем" деген тіркестер кездеседі. Жігер Ауыпбаев бұл әнді Айым деген қызға арналған деп болжаған.

"Дәл өзі. Нұрланның ғашығы болатын Айым. Нұрланның әкесі Баянғали ағамызды танисыздар. Ұлы сол қызға сезімін білдіре алмай, қатты толқыныста жүргенін айтады.

Нұрлан ол кезде бала ғой, мектептегі кезі. "Айымды көрсем, тілім байланып қалады. Айтатын нәрсемді айта алмай қалам", - деп әкесіне сырын бөліседі ғой.

Сол кезде Баянғали ағамыз: "Жарайды, сен сыртқа шығып ойнай тұр", - депті. Қайтып оралса, екі шумақ өлең шығарып қойған екен. Өлеңді оқыған Нұрлан: "Осы ғой әкешім, менің айта алмай жүргенім", - депті", - деді Азамат Тахиров.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2021944-nurlan-alimzannyn-gasygy-otandyq-ansi-elge-tanylgan-xit-annin-kimge-arnalganyn-aitty/