Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ауыратын адам Қайрат Нұртасты тыңдап келді": белгілі асаба жылауық әндердің адамға әсері жайлы айтты

Жарияланған күні:

Қайрат Нұртастың фотосуреті
Қайрат Нұртас. Фото: instagram/kair_n

Танымал асабалардың бірі Құрманғазы Алиман жылауық әндердің көбейіп кеткеніне қындылды. Бұл туралы "Жаңа қадам" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Адам дамуы үшін, ой-өрісі өсуі үшін оның әлеуметтік жағдайы дұрыс болуы керек. Егер оның әлеуметтік жағдайы дұрыс болмаса, мемлекеттік деңгейде, ұлттық деңгейде ойлана алмайды. Бізде неге жылауық әншілер модаға шығып кетті? Қайрат Нұртасты, Еркін Нұржановты шын профессионалдар тыңдаған кезде әнші ретінде қабылдай алмайды, естеріңізде болсын.

Біз неге Димашты қабылдай алмай жатырмыз? Өйткені біздің оған деңгейіміз жетпейді. Әлеуметтік жағдайы көтерілген, өскен, дамыған ел Димашты тыңдай алады. Себебі деңгейі жоғарылады. Ал біз әлі тойдың деңгейінде отырмыз.

Бірде мынадай жағдай болды. Қарағанды қаласынан Балқашқа қарай жол жүрдім. Көлікке адам толмайынша, такси жүрмейді. Кейін артқы орындыққа жасы үлкен әйел отырды. Ол кісі обыр ауруына шалдығып, үйіне қайтып бара жатыр екен. Тау халықтарының өкілі, қазақша сөйлейді екен. Салонды тегіс жалдады да, екі адам болып жол жүрдік. Содан ол қалтасынан флешка шығарып, Қарағандыдан Балқашқа жеткенше Қайрат Нұртасты тыңдап барды: Мен оны тыңдамаймын, бірақ тыңдауға мәжбүр болдым.

Өмірімен қоштасып, қиналып, әне-міне о дүниеге аттанамын деген адамдар жылауық әндерге жақын болады екен. Қазір қоғам қандай? Жігіті тастап кеткен, қызы тастап кеткен, аяғы ауыр болып қалған, кредитін төлей алмай қиналған адамдарға жылауық әндер айтсаң, соған жақын болады. Кезінде "Заман-ай", "Елім-ай" деп ән шырқады. Неге? Заманына қарай шырқады. Сол сияқты езіле береді, езіле береді", - деді Құрманғазы Алиман.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2023110-auyratyn-adam-qairat-nurtasty-tyndap-keldi-belgili-asaba-zylauyq-anderdin-adamga-aseri-zaily-aitty/