Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Димаш Құдайберген Абай облысындағы өрттен қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты

Жарияланған күні:

Димаш Құдайберген
Димаш Құдайберген. Фото: dimashnews.com

Бүгін, 12 маусымда ел тұрғындары Абай облысындағы орман өртінен қаза болған марқұмдарды аза тұтуда. Осы ретте еліміздің танымал әншісі Димаш Құдайберген Абай облысында өрттен қаза тапқан қызметкерлердің отбасына көңіл айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Семей орманы" табиғи резарватындағы өрт салдарынан қаза тапқан орман шаруашылығы қызметкерлерінің отбасына және барша дүйім жұртқа қайғырып көңіл айтамын. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Алапат өрт тезірек тоқтасын", - деп жазды Димаш Құдайберген Instagram парақшасында.

Айта кетейік, осыған дейін елімізге танымал тұлғалар да Абай облысындағы өртке қатысты алаңдаушылық білдірген болатын.

Естеріңізге сала кетейік, Абай облысында 8 маусым күні Батпаев орман шаруашылығының аумағында ағаштар өртенді. Бастапқыда өрт 0,3 гектар аумақты шарпыған.

9 маусымда Абай ауданындағы табиғи өртті сөндіру жөніндегі штаб өртті сөндіруге қатысқан "Семей орманы" резерватының 14 орман шаруашылығы қызметкерінің байланысын тоқтатқанын хабарлады. Сол күні із-түзсіз жоғалған үш орманшының қаза тапқаны хабарланып, 11 адамды іздеу жұмыстары жалғасты.

Ал маусымның 10-ы күні кешке із-түзсіз жоғалған орман шаруашылығының қалған 11 қызметкерінің өлі күйінде табылғаны белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2024356-dimas-qudaibergen-abai-oblysyndagy-ortten-qaza-tapqandardyn-otbasyna-konil-aitty/