Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Журналист Майя Бекбаева: Кінәлілер тиісті жазасын алады деп сенем (видео)

Жарияланған күні:

Майя Бекбаева
Майя Бекбаева. Фото: instagram.com/mayabekbayeva

Қазақстандық журналист Майя Бекбаева Instagram желісінде Абай облысындағы алапат өрт туралы жазба жариялады. Ол 14 адамның қазасы жауапсыздық салдарынан болғанын айтып, кінәлілердің лайықты жазасын алатынына сенетінін жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Мен туған өлкеде алапат өрт орын алып, 14 адам өмірімен қоштасты. Қайғыдан қан жұтқан отбасыларға көңіл айтамын. Адамдар бейбіт өмірде бұлай өлмеуі керек.

Қазір олардың тілсіз жаумен ешқандай маскасыз, жеке көлігімен алысқаны анықталуда. Себебі, ешқандай жабдық болмаған. Өрт ошағына дер кезінде жетіп, қайғылы жағдайдың алдын алуға мүмкіндік беретін техника, тіпті жол да жоқ", - деп жазды Майя Бекбаева.

Сонымен қатар журналист былтырғы жылы Қостанай облысында орын алған өрттен ешкімнің сабақ алмағанына ашынды.

"Қостанайдағы төтенше жағдайдан ешкім қорытынды шығарған жоқ. Бұл адамдардың қаза болуы - жауапсыздықтың салдарынан. Кінәлілер тиісті жазасын алады деп сенемін. Өрт қауіпсіздігінің өзекті мәселесіне де тиісті назар аударылсын", - деді Майя Бекбаева.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2024363-zurnalist-maiya-bekbaeva-kinaliler-tiisti-zazasyn-alady-dep-senem-video/