Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Роза Әлқожа аза тұту күніне байланысты Астанадағы концертін кейінге шегерді

Жарияланған күні:

Роза Әлқожа
Роза Әлқожа. Фото: instagram.com/roza_alqozha

Бүгін, 12 маусымда ел тұрғындары Абай облысындағы орман өртінен қаза болған марқұмдарды аза тұтуда. Осы ретте отандық әнші Роза Әлқожа қайғылы қазаға байланысты Астанадағы кешін кейінге шегергенін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Қаза қайырлы болсын. Абай облысына қайғырып көңіл айтамыз! Тосыннан келген қазаға байланысты бүгін Астанада кешіміз болмайтынын ескертеміз", - деп жазды Роза Әлқожа Instagram парақшасында.

Айта кетейік, осыған дейін елімізге танымал тұлғалар да Абай облысындағы өртке қатысты алаңдаушылық білдірген болатын.

Естеріңізге сала кетейік, Абай облысында 8 маусым күні Батпаев орман шаруашылығының аумағында ағаштар өртенді. Бастапқыда өрт 0,3 гектар аумақты шарпыған.

9 маусымда Абай ауданындағы табиғи өртті сөндіру жөніндегі штаб өртті сөндіруге қатысқан "Семей орманы" резерватының 14 орман шаруашылығы қызметкерінің байланысын тоқтатқанын хабарлады. Сол күні із-түзсіз жоғалған үш орманшының қаза тапқаны хабарланып, 11 адамды іздеу жұмыстары жалғасты.

Ал маусымның 10-ы күні кешке із-түзсіз жоғалған орман шаруашылығының қалған 11 қызметкерінің өлі күйінде табылғаны белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2024368-roza-alqoza-aza-tutu-kunine-bailanysty-astanadagy-koncertin-keiinge-segergen/