Top.Mail.Ru
RU
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.

Зектілері

"Төреғалиді ақтау - үлкен трагедия": белгілі психолог әншінің халық алдындағы жауапкершілігі жоқтығын айтты

Жарияланған күні:

Төреғали Төреәлі
Төреғали Төреәлі. Фото: "Той Думан" арнасы

Төреғали Төреәліге қатысты оқиға қоғамда үлкен резонанс тудыруда. Көпшілік әншінің бұл әрекетін түсінуге шақырса, мамандар "Ұлы дала баласының" әрекеті мүлде ақтауға келмейтінін айтады, деп жазады "1001 түн" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Психолог Серікгүл Сәли әншінің бұл әрекетін мүлде ақтауға болмайтынын айтты.

"Халықтың алдында жауапкершілік болу керек. Әлеуметтік желіде қаншама оқырмандар бар. Солардың басым бөлігі - жастар. Сол жастар маған еліктейді, маған ереді. Мен оларға нені үлгі етіп жатырмын? Не айтып жүрмін? Өзімді қалай ұстаймын? Жауапкершілікті сезінуім керек деген ой болуы керек.

Өнер мен мәдениетте жүрген адамдар - көшбасшылар. Бұлар елге, халыққа мәдениетті насихаттаушылар. Мәдени жағынан тәрбие берушілер.

Біздің тәрбиелеушілеріміздің өзі осындай болып жатса, жас ұрпақтан не күтуге болады? Әні арқылы олардың сезіміне әсер еткен болса, көпшілік сол кісінің толықтай көшірмесін жасайды. Қаншама комментарий оқыдым, көбі ақтап жатыр. Түсініп жатыр. "Оны кешіру керек, қолдау керек", - дейді. Мұның өзі - үлкен трагедия. Сондай жағдайдың өзін ақтап жатыр.

Маман ретінде бұл "ауру" дегенге кетіп қала беремін. Бірақ сол ауруды өзі қолдан жасады ғой. Бұл - үлкен жауапкершілік. Біз мақтап, мадақтап, ақтап ала алмайтындай нәрсе", - деді Серікгүл Сәли.

Айта кетелік, бұған дейін заңгер Айгүл Орынбек Төреғали Төреәлінің әрекетін сынға алған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2025095-toregalidi-aqtau-ulken-tragediya-belgili-psixolog-ansinin-songy-areketin-qatal-aiyptady/

Жарияланымға реакцияңыз?

Соңғы пікірлер

Барлық пікір саны: 1

Талқылауға қатысу немесе пікірлерге реакция қалдыру үшін профиліңізге кіріңіз.

Niyetzhan

Төреғали халықтың өзіне деген сүйіспеншілігін аяққа таптап жүрген азамат,біз зайырлы мемлекет құру үстіндеміз,заң ортақ сондықтан қатаң шара алу керек,екіншіден ІІБ қызметкерлеріне көп рахмет айту керек олар үлкен қылмыстың алдын алды,егерде Төреғалиді ұстамаған жағдайда алла сақтасын беті әрмен кісі басып кетсе не болар еді.Ұлы дала баласы деген атақты қою керек,бізде оған лайық бір адам Димаш

Comment reaction
jitsu gif