Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әйгілі "Нұр-Мұқасан" тобы қалай тарады: топ мүшелері өз шындығын айтты

Жарияланған күні:

"Нұр-Мұқасан" тобы
"Нұр-Мұқасан" тобы. Скриншот: Топтың "Жылдар" бейнебаянынан

2000-ші жылдары хит әндерді жарыққа шығарып, танымал болған әйгілі "Нұр-Мұқасанның" әншілері топтың тарауына байланысты өз шындығын айтты. "Алғашқы" бағдарламасында Мұқасан Шахзадаев бұрынғы әріптесі Нұрлан Қонысбаевпен етене араласпайтынын, алайда сәлемі түзу екенін жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"27 жыл бірге болдық. Өмірдің ағысы өзі әрқайсымызды жан-жаққа ағызады ғой. Әрине, орны толмас өкініш. Өз басыма да оңай тиген жоқ. Біраз уақыт өз-өзімізге келе алмай жүрдік. Нұрланның (Қонысбаев - ред.) тарапынан да солай болған шығар.

Бұл бір күнде шешілген нәрсе емес. Ол жайлап, жайлап осы жағдайға келді. Солай болуы керек болған шығар. Халыққа берерімізді бердік, алатынымызды алдық. Қазіргі таңда кездесіп тұрамыз. Етене жақын араласамыз деп айта алмаймын. Ол өтірік болады. Бірақ көрген жерде құшақтасып, сәлеміміз түзу, амандық сұрасамыз", - деді Мұқасан Шахзадаев.

Ал "Нұр-Мұқасан" тобының тағы бір әншісі Нұрлан Қонысбаев досынан кешірім сұрағанын, алайда Мұқасан Шахзадаевтың топты ары қарай жалғастыру жайлы ұсынысына келіспегенін жеткізді.

"Сағыныш болады. Достан кешірім сұрағанмын. Өзі келіспеді ғой. Мұның бәрі тарих, архив қой. Жүздің үстінде ән, бейнебаян бар. Мен "Ары қарай жалғаса берсін" дегенмін. Өзі қаламады", - деді Нұрлан Қонысбаев.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Мұқасан Шахзадаев осыған дейін жас кезінде қолы жетпеген сүйгені жайлы айтып берген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2025414-aigili-nur-muqasan-toby-qalai-tarady-top-museleri-oz-syndygyn-aitty/