Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Шұлығына дейін көрсетеді": Тамара Асар қыз жасауына қатысты сын айтты

Жарияланған күні:

Тамара Асар
Тамара Асар. Фото: instagram.com/tamara_assar_official

Отандық әнші Тамара Асар ұзтылған қыздың жасауын көрсеткенде шұлығы мен іш киіміне дейін көрсететіндерді сынға алды. Әнші "Қыздар-ай" бағдарламасында қазақтар неге қыз жүгінен тек сандық пен көрпені көрсеткенінің сырын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Қыз жасауының шұлығы мен іш киіміне дейін көрсетеді. Бірінші көргенде жүрегім біртүрлі болды. Кейін үйреніп, мән бермей кеттім.

Мән бермей жүріп, көп нәрсені өткізіп алдық. Қыздың жүгі бөлек қой. Майда-шүйдесін етене жақындарына көрсетсе екен. Қомақты көрпе-төсегін, сандықты қазақ не үшін көрсеткен? Қазақ өнерді бағалаған ғой. Көзінің майын тамызып жасаған адамның өнерін көрсетейін деген ғой", - деді Тамара Асар.

Айта кетейік, осыған дейін әнші Жазира Байырбекова да қыз жасауын елдің көзінше көрсетіп, қанша қалың мал алып келгенін жария ететін той иелерін сынға алған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2025421-is-kiimine-deiin-korsetedi-tamara-asar-qyz-zasauyn-korsetken-kei-zagdaidy-synga-aldy/