"Әйелім өзімнен 11 жас кіші": Ескендір Хасанғалиевтің ұлы алғаш рет отбасы туралы айтты
Жарияланған күні:
Танымал композитор Ескендір Хасанғалиевтің ұлы Біржан Хасанғалиев өзінің кеш үйленгенін жеткізді. Бұл туралы БазарLike бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
"Мен негізі кештеу үйлендім. Болашақ жарымды көп іздедім. Ақмаржан есімді келіншегім бар. Ол медицина саласында қызмет етеді. Әйелім өзімнен 11 жас кіші. Мен 33 жасымда үйленсем, ол 22 жаста тұрмысқа шықты.
Қазіргі таңда үш баламыз бар. Үлкен қызым 10 жаста. Ортаншы ұлым биыл сегізге келеді, ал кіші ұлым үш жарым жаста. Өнер жолы - өте қиын жол. Әсіресе, музыка саласы өте қиын жол. Мұны көп оқу керек. Өзім музыка саласын 16 жыл оқыдым. Мектепте 7 жыл, қазір өзім басқаратын колледжде 4 жыл, консерваторияда 5 жыл оқыппын. Медицина саласы сияқты оқуы көп.
Балаларым арнайы музыкалық мектепте оқиды. Оларға музыка саласын мәжбүрлеп таңдатпадым. Қабілеті болып тұрса, өздерінен шыққан ұсыныс болса, қолдаймын. Музыка жолына қабілеті бар-жоғы сәл өскен соң байқалады. Олар басқа жолды таңдағысы келсе, біз тек қолдаймыз", - дейді Біржан Хасанғалиев.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2025489-aielim-ozimnen-11-zas-kisi-eskendir-xasangalievtin-uly-algas-ret-otbasy-turaly-aitty/
Жарияланымға реакцияңыз?
Мұнда әзірге ешкім пікір қалдырмады Тағы да оқыңыздар
Талқылауға қатысу немесе пікірлерге реакция қалдыру үшін профиліңізге кіріңіз.