"Нокауттың көкесі болатын еді": Ринат Зайытов марқұм Оразалы Досбосыновтан "быт-шыт" боп жеңілетінін мойындады
Жарияланған күні:
Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов марқұм Оразалы Досбосыновпен айтысқан кезін еске алды. Бұл туралы "Кімнің есінде" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
2004 жылы Ринат Зайытов пен Оразалы Досбосынов жекпе-жек айтысқан шыққан еді. Зайытов сол айтыстағы Оразалының мықтылығын ерекше атап өтті.
"Бұл да - дәлелдеу. Өйткені мен бұған дейін қатты жеңілетінмін Ораз марқұмнан. Жеңілгенде де ертең көшеге шыға алмайтындай, ұятты формада... "Быт-шыт" қылып жеңеді ғой марқұм. Жатқан жері жайлы болғыр...
Ораз марқұммен айтысқанның арқасында біз айтыстың көп тәсілін меңгердік. Жекпе-жек айтыс жаңадығай енді. Нокаутқа ұшып кетпеу үшін көпшілігі айтыспайды Ораз марқұммен. Ол кезде менің үлкен айтыста аса бір құқығым жоқ қой. "Сен айтысасың", - деді. "Жақсы дедім".
Сияз марқұм бар, Семейдің ақындарының бәрі жұмыла көтерісті. "Былай дайындал, мына жағынан шық", - деді. Соның өзінде, қатты дайындалып барғанның өзінде Ораз марқұм ұстап алып, өз стиліне салғанда, үзіліс болса екен деп тілеп отырдым.
Үзіліс басталғанда "уфф" дедім. Тағы бір кезекке созылғанда, нокауттың көкесі болар еді менде. Қазақша айтқанда, құдай сақтады", - деп еске алды Зайытов.
Бұған дейін Ринат Зайытов өміріндегі қай айтысты өкінішпен еске алатынын айтқан болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2025784-nokauttyn-kokesi-bolatyn-edi-rinat-zaiytov-marqum-orazaly-dosbosynovtan-byt-syt-bop-zeniletinin-moiyndady/
Жарияланымға реакцияңыз?
Мұнда әзірге ешкім пікір қалдырмады Тағы да оқыңыздар
Талқылауға қатысу немесе пікірлерге реакция қалдыру үшін профиліңізге кіріңіз.