"10 млн теңгеден жоғары": мәдениет министрлігі мемлекеттік концертте ән айтқаны үшін әншілерге қанша гонорар төлейтінін айтты
Жарияланған күні:
Мәдениет министрлігі мемлекеттік концерттер мен іс-шараларды қаржыландыру нормаларына түзетулер әзірледі. "Ашық НҚА" порталында жарияланған құжатта бірқатар әншілердің мемлекеттік концертте ән айтқаны үшін қанша гонорар алатыны жарияланды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Мәдениет және спорт министрлігі мәдениет саласындағы әлеуметтік маңызы бар іс-шараларды қаржыландыру нормалары туралы бұйрық жобасын қоғамдық талқылауға шығарды.
Мамандар салыстыру мақсатында әншілер мен олардың гонорарын кестемен көрсетті.
Сонымен қатар "Ашық НҚА" порталында әншілердің гонорарының әр түрлі болуына не әсер ететіні аталды.
Портал мәліметінше, ұлттық және мемлекеттік мерекелерге арналған мерекелік іс-шаралар мен гала-концерттерді өткізу қызметінің құны әртістердің мәртебесі мен беделіне, сондай-ақ орындаушылық шеберліктің жоғары деңгейі мен концертке дайындық уақытына (дайындық 3-7 күн немесе одан да көп) байланысты екенін мәлім етті.
"Өткізу форматына қарай концертке бір мезгілде "Қазақстан Еңбек Ері", "КСРО халық әртісі", "Қазақ КСР халық әртісі", "Қазақстанның халық әртісі" атағы бар әншілер қатыса алады. Мысалы:
- Әлібек Дінішев – от 5 000 000 теңге;
- Роза Рымбаева – 5 000 000 теңге;
- Айман Мұсаходжаева – 5 000 000 теңге;
- Үсенбаева Нұржамал – 2 000 000 теңгеден бастап және де басқа әншілер", - деп көрсетілді кестеде.
Мәдениет министрлігінің мәліметінше, әртіс "Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі", "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері", "Әдебиет және өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықтың лауреаты", "Мәдениет қайраткері" төсбелгісінің иегері, "Мәдениет қайраткері" төсбелгісі иегері санаттағы бірнеше өнер қайраткері болса, көрсетілетін қызметтің құны іс-шара құнының 20 пайызына дейін жетуі мүмкін және одан да асып түсуі мүмкін.
Төменде өзге әртістердің гонорары мысалға келтірілген:
- Димаш Құдайберген - 10 000 000 теңгеден бастап және одан жоғары;
- Майра Мұхамедқызы - 3 000 000 теңге;
- Әлішер Кәрімов - 1 500 000 теңге;
- Асылбек Еңсепов - 1 300 000 теңгеден бастап;
- Медет Шотабаев - 1 250 000 теңгеден бастап;
- Алтынай Жорабаева - 1 500 000 теңгеден бастап;
- Нұрлан Абдуллин - 1 000 000 теңгеден бастап;
- Жанар Дұғалова - 1 500 000 теңгеден бастап;
- Айгүл Үлкенбаева - 700 000 теңге;
- Тамара Асар - 1 200 мың теңге.
"Қоғамда өткізілген іс-шараларды сараптай келе, шара бюджетінің кем дегенде 30 пайызы осы санаттағы өнер қайраткерлерінің қатысуын қамтамасыз ету қызметтеріне жұмсалады деген қорытынды шығады.
Осылайша, жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, осы тармақты стандарт бойынша жалпы соманың 30 пайызына дейін орындау мүмкін емес. Сондықтан осы стандартты жобаның жалпы сомасының 30 пайызына дейін арттыруды сұраймыз", - деп хабарланды "Ашық НҚА" порталында.
Сонымен қатар құжатта өзге де әртістердің гонорары жарияланған.
- Мария Мудряк – 5 500 000 теңге;
- Мирас Жүгінісов – 5 500 000 теңге;
- Ернар Садырбай – 2 500 000 теңгеден бастап;
- Мәди Сыздыбаев – 700 000 теңгеден бастап;
- Раим (Райымбек Бактыгереев) – 2 500 000 теңгеден бастап;
- Koba (Қобыланды Болат) – 2 000 000 теңгеден бастап;
- Дастан Оразбеков – 1 500 000 теңгеден бастап;
- Әли Оқапов – 2 500 000 теңгеден бастап;
- Садриддин Наджмиддин – 2 000 000 теңгеден бастап;
- Тұрар – 1 000 000 теңдеген -3 000 000 теңге аралығында;
- Madi Rymbaev – 1 500 000 теңгеден бастап.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2025956-10-mln-tengeden-zogary-madeniet-ministrligi-memlekettik-koncertte-an-aitqany-usin-ansilerge-qansa-gonorar-toleitinin-aitty/