Министрлік әншілердің мемлекеттік концерттердегі гонорары туралы ақпаратты жоққа шығарды
Жарияланған күні:
Читать на русскомБүгін "Ашық НҚА" порталында қазақстандық әртістердің мемлекеттік концерттерге алатын гонорары туралы ақпарат пайда болды. Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі бұл деректердің қате екенін мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
"Ашық НҚА" порталында қазақстандық әртістердің гонорары туралы қате ақпарат жарияланды. Айта кету керек, әртістер көбінесе мемлекеттік концерттерге ақысыз қатысады. Олардың көпшілігі қайырымдылық концерттеріне қатысуға белсенділік танытады", - деді Мәдениет және спорт министрлігінің өкілдері.
Мәдениет комитетінің басшылығы мемлекеттік концерттерді өткізуге кететін шығынды көтеру туралы шешім қабылдамағанын атап өтті.
Еске салайық, мемлекеттік концертте ән айтқаны үшін әншілерге қанша гонорар төлейтіні туралы ақпаратты жариялаған едік.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2025970-ministrlik-ansilerdin-memlekettik-koncertterdegi-gonorary-turaly-aqparatty-zoqqa-sygardy/