"Жаңа келін": Жеңіс Ысқақова үлкен ұлын қайта үйлендіріп, келінінің бетін ашты (фото, видео)
Жарияланған күні:
Отандық әнші Жеңіс Ысқақова үлкен ұлын екінші рет үйлендіріп, келініне беташар жасады. Бұл жайлы әншінің туған келіні Instagram желісінде хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Әншінің келінінің айтуынша, беташар мен құдалық кеше, яғни 22 маусым күні болған. Сонымен қатар Жеңіс Ысқақованың жаңа келінінің есімі Диана екені белгілі болды.
"Жеңіс Ысқақова, менің туған абысыным. Келін түсірдік. Абысынымның келінімен танысып қойыңыздар. Айбатыр - менің қайын ағам мен Жеңіс Ысқақованың үлкен ұлы. Диана - жаңа келін.
Беташар, құдалыққа қызу дайындық жүріп жатыр. 22.06.2023 жыл, Айбатыр-Диана бақытты болсын", - деп жазды Салтанат есімді желі қолданушысы.
Видеодан Жеңіс Ысқақова үйінің ауласында беташар тойын жасағанын көруге болады. Асабаның сөзінен соң әнші келінінің бетін ашып, маңдайынан сүйді.
Айта кетейік, әншінің тұңғышы Айбатыр 2017 жылы Карина есімді арумен шаңырақ көтерген болатын. Жеңіс Ысқақова ұлының бірінші әйеліне өз қолымен сырға салды.
Ал 2019 жылы әнші ұлы мен келінінің ажырасып кеткенін мәлім етті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2026040-zana-kelin-zenis-ysqaqova-ulken-ulyn-qaita-uilendirip-kelininin-betin-asty-foto-video/