Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қосуға тырыстық": "Жігіттер" тобының продюсері Айдар мен Мырзахан жұбайларымен не үшін ажырасқанын айтты

Жарияланған күні:

Айдар Тұрғамбаев ән айтуда
Айдар Тұрғамбаев. Фото: "Хабар" арнасы

"Жігіттер" тобының продюсері Ерғали Әбдірайымов квартеттің белді мүшелері Айдар Тұрғанбаев пен Мырзахан Махановтың жұбайларынан ажырасуына қатысты ойын айтты. Бұл туралы БазарLike бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Айдарға келсек... Айдардың да бірінші әйелі әп-әдемі. Өздері махаббатпен үйленді. Бірақ енді білмейміз ғой. Араларына кірмедік, шыны керек. Кейін өздері тіл табыспады. Бірақ қолымыздан келгенше қосуға тырыстық. Араларында қыз бар. 11-ге кеп қалды. Екеуі келісе алмай, соңында ажырасып кетті. Қазір екеуінің де отбасы бар. Өмір деген әрі қарай өтіп жатыр. Тоқтап жатқан жоқ.

Мырзаханда да сондай жағдай болды. Дүркіретіп той жасадық алты алашқа. Бес-алты жылдай тұрды. Араларында сәби болмады. Бірінші себеп сол деп ойлаймын. "Мен енді қашанғы жүремін", - деп... Алланың сынағы, әрі-бері күтті. Әрі қарай арасына кірген емеспіз, шынын айтайын. Бірге болса, бастарын қосуға тырыстық. Мырзахан жақтан құдаларымыз да жақсы жігіттер еді. Жастар ажырасып кетсе де, аралары суымады деп ойлаймын. Өмірдің сынағы шығар.

"Жас емессің, 35-ке келдің. Болмаса, үйлен. Болмаса, Алланың сынағы деп, келінмен қайта қосыл", - деп әлі де айтамыз Мырзаханға", - деді продюсер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2026762-qosuga-tyrystyq-zigitter-tobynyn-prodyuseri-aidar-men-myrzaxannyn-zubailarymen-ne-usin-azyrasqanyn-aitty/