Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ғаділбек Жаңай отбасын әлеуметтік желіден жиі көрсетуінің себебін айтты

Жарияланған күні:

Ғаділбек Жаңай
Ғаділбек Жаңай. Фото: instagram.com/gadilbek_zhanay

Отандық әнші Ғаділбек Жаңай отбасы жайлы құпиясын бөлісті. Таир Нұғманға берген сұхбатында өнер иесі соңғы уақытта әлеуметтік желіде жұбайы мен балаларын көпшілікке жиі көрсетуінің себебін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Көп нәрсені адам өзі түсінгенде, бөліскісі келеді. Отбасының берекесін, әйелмен қарым-қатынастың дұрыс болуын бөліскің келеді. Бізде статистикаға сүйенсек, үйленген отбасылардың 50 пайызы ажырасады екен. Бұл менің шаруам емес десем, өзімшіл болғаным. Әкенің ғана баласы болып қаламын. Адамның баласы болғың келеді ме, білгеніңмен бөліс.

Мен әйелімді көпшілікке үлгі ретінде ғана көрсетемін. Мүмкін, біреуге пайдасы тиер. Маған "Әйеліңді неге шығарасың?" деп жазады. Мен не үшін шығарып жатқаныма байланысты ғой. Мен пікір жинау үшін шығарсам, ол басқа нәрсе. Ал мен үлгі ретінде шығарсам, ол бөлек нәрсе. Адамдар содан үлгі алса, менің негізгі ниетім орындалды. Балаларға да қатысты осы нәрсе. Танымалдылықты дұрыс жолға жұмсай білуден артық қандай бақыт бар", - деді Ғаділбек Жаңай.

Айта кетейік, осыған дейін Ғаділбек Жаңайды туған күнімен құттықтап, алдынан ерекше торт алып шыққан балалары көпшілікті сүйсінткен еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2030142-gadilbek-zanai-otbasyn-aleumettik-zeliden-zii-korsetuinin-sebebin-aitty/