Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мұхит Сапарбаев 3,5 млн теңгеге алған көзілдіріктерімен мақтанды (видео)

Жарияланған күні:

Мұхит Сапарбаев
Мұхит Сапарбаев. Фото: instagram.com/msaparbayev001

Тележүргізуші, продюсер Мұхит Сапарбаев әлеуметтік желіде жалпы құны 3,5 млн теңгеге алынған көзілдіріктерін көпшілікке көрсетті. Ол жеті түрлі көзілдірікке шолу жасады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Видеода Сапарбаев көзілдіріктері танымал брендтен алынғанын айтты.

"Мен қазір Түркия елінде демалып жатырмын. Демалысқа өзіммен ала келген көзілдіріктерге шолу жасаймыз. Сіз қалай бағалайсыз? Көзілдіріктердің жалпы құны қанша деп ойлайсыз?

Ең алғашқы көзілдірік Prada брендінікі. Ал екіншісі - Louis Vuitton брендінен алынған. Үшінші көзілдірікті Dolce & Gabbana-дан алдым. Төртінші, бесінші және алтыншы көзілдірікті Prada-дан алғанмын. Ал жетінші көзілдірік Balenciaga-дан алынған", - деді Мұхит Сапарбаев Instagram парақшасында.

Ал желі қолданушылары әр көзілдіріктің ерекше екенін айтып, пікір білдірді.

"Өте әдемі көзілдірік", "Жалпы құны 5 млн теңге шығар", "Барлығының бағасы - 3,5 млн теңге деп ойлаймын", - деп жазды оқырмандар.

Ал Мұхит Сапарбаев көзілдіріктердің құны 3,5 млн теңге екенін айтқан оқырманына жауап қайтарып, оның бағаны дұрыс тапқанын және ұтысқа ие болғанын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2031505-muxit-saparbaev-35-mln-tengege-algan-kozildirikterimen-maqtandy-video/