Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ұзатыламын": Мөлдір Әуелбекова қашан қайта тұрмысқа шығатынын айтты (фото)

Жарияланған күні:

Мөлдір Әуелбекова
Мөлдір Әуелбекова. Фото: instagram.com/moldir.auyelbekova

Отандық әнші Мөлдір Әуелбекова сәукеле киіп, ұзатылатынын айтты. Өнер иесі Instagram желісінде оқырман сауалына жауап беріп, қашан қайта тұрмысқа шығатынын мәлім етті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Желі қолданушысының бірі Әуелбековадан "Сіз өте әдемісіз. Тұрмысқа шықпайсыз ба?", - деп сұраған.

Ал Мөлдір Әуелбекова тұрмысқа шықса, сәукеле киіп, ұзатылатынын айтты.

"Тұрмысқа шығамын. Әуелі жақсы адамым жолықсын. Сосын бұйырса, сәукелемді киіп, ұзатыламын", - деп жауап берді әнші.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін әнші Мөлдір Әуелбекова балаларды әкесіз өсірудің қандай екенін айтқан болатын.

Мөлдір Әуелбекова сторис
Мөлдір Әуелбекова сторис. Скриншот: instagram.com/moldir.auyelbekova

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2032656-uzatylamyn-moldir-auelbekova-qasan-qaita-turmysqa-sygatynyn-aitty-foto/