Ақбота Сейтмағамбет сұлулығына қызыға қарайтын оқырманына кеңес берді (фото)
Жарияланған күні:
Актриса әрі әнші Ақбота Сейтмағамбет әлеуметтік желіде сұрақ-жауап айдарын ұйымдастырды. Сұлулығына қызыға қарайтынын айтқан оқырманының біріне өнер иесі кеңес берген, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Ақботаның оқырмандарының бірі желіде "Басқа әдемі қыздарды көре алмаймын. Бірақ сізді көрсем, керісінше, қызығып қараймын", - деп жазған.
Ал актриса оқырманына алғыс білдіре отырып, Instagram желісінде кеңесін бөлісті.
"Басқа қыздарға мақтау айтуды үйреніңіз. Сіз одан сайын құлпырасыз. Себебі, басқаға жақсылық тілеу, қуанту өз бақытыңызды еселері сөзсіз.
Ал маған деген шынайы көңіліңізге ризалық білдіремін", - деді Ақбота Сейтмағамбет.
Айта кетейік, осыған дейін актриса желіде жеке өмірі туралы жаңалықты бөліскен болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2032962-aqbota-seitmagambet-sululygyna-qyzyga-qaraityn-oqyrmanyna-kenes-berdi-foto/