"Төлқұжатта орыс деп жазған": Диана Шарапова ел білмейтін құпиясын бөлісті
Жарияланған күні:
Әнші Диана Шарапова ұлтына қатысты көпшілік білмейтін құпиясын бөлісті. Өнер иесі NEGE.KZ сайтына берген сұхбатында анасының бойында тәжік пен өзбек ұлтының қаны барын, ал туған әкесінің Израильде тұратынын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Менің туған әкем Израильде тұрады. Марқұм анамның бойында тәжік және өзбек ұлтының қаны болды. Неге екенін білмеймін, мені төлқұжатта орыс деп жазған. Бірақ, оның сырынан бейхабармын.
Дегенмен, мен өзімді қазақ санаймын. Себебі, осы елде өнерімді шыңдап, тұрмысқа шығып, өмірге ұрпақ әкеліп, нанын жеп, суын ішіп отырмын", - деді әнші.
Сонымен қатар Диана Шарапова өзінің Өзбекстан елінде туғанын және Алматыға қалай келгенін айтып берді.
"Мен үлкен сахнаға аяқ басуға талпынған кезде ол жақта жанды музыка жасайтын мамандар жоқ еді. Мәселен, гитарашы, барабаншы дегендер тапшы болды. Ал Қазақстанның жүрегі саналатын Алматыда джаз, эстрада, R'n'B жанры қызу дамып жатты. Сондықтан буынып-түйініп ару қала Алматыға жол тарттым", - деді жан сырын ақтарған Диана Шарапова.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2034248-tolquzatta-orys-dep-zazgan-diana-sarapova-el-bilmeitin-qupiyasyn-bolisti/