Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Актриса Индира Еділбаева той көйлегін көрсетті (видео)

Жарияланған күні:

Индира Еділбаева
Индира Еділбаева. Фото: instagram.com/indi_edilbayeva

Осыдан бірнеше ай бұрын тұрмысқа шыққан актриса Индира Еділбаева тойының қалай өткенін көрсетті. Өнер иесі Instagram желісінде атаулы күннің видеосын бөлісті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Дәл қазіргі сәтте және мәңгілікке", - деп жазды актриса өзі бөліскен видео астына.

Айта кетейік, биыл сәуір айында Балиде Индира Еділбаеваның сүйіктісі танымал менеджер Камалдин Камирдинов оған үйленуге ұсыныс жасаған болатын.

Ал тамыз айында олар заңды неке қидырды.

Кейінірек Индира Еділбаеваның сырға салу рәсімі өтті.

Осыдан соң актриса көпшілікке қызойнағының қалай өткенін көрсетті.

Желі қолданушылары жұлдызды жұпқа бақыт тілеп, жылы лебізін білдірді.

"Бақытты болыңыздар", "Жарасымды жұп", "Қандай әдемі қалыңдық", "Құттықтаймын", - деп жазды желідегілер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2035091-aktrisa-indira-edilbaeva-toi-koilegin-korsetti-video/