Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қуанышты жаңалығым болмай қалды": Мадина Сәдуақасованың жазбасы көпшілікті алаңдатып қойды (фото)

Жарияланған күні:

Мадина Сәдуақасова
Мадина Сәдуақасова. Фото: "Жақсы адамдарым" бағдарламасы

Әнші Мадина Сәдуақасова әлеуметтік желіде яғы ауыр қатарластары мен өзі ұзатқан қыздар жайлы айтты. Өнер иесі Instagram парақшасында көпшілікке өзінің де қуанышты жаңалығын бөліскісі келгенін, алайда оның жүзеге аспай қалғанын баяндап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Көптеген әріптес қыздың жақсы жаңалығын естіп, қуандым. Өзім ұзатқан жас қыздар мен қатарластарымның "Ешкімге айтпай, жар салмай , аман-есен босанып алайын" деп жүргені бар.

Мен де осы уақытқа дейін үндемей, керемет, қуанышты жаңалығыммен енді бөлісемін деп жүргенде, болмай қалды. Жарайды, әлі уақыт бар… Бұйырар! Барлық сәби күтіп жүрген қыз- келіншектерге дені сау, 12 мүшесі түгел баланы босанып алыңыздар деймін. Ең керемет құттықтау осы ғой, шіркін! Бұйырсын", - деп жазды Мадина Сәдуақасова.

Ал желі қолданушылары әншіге де тағы ана атану бақыты бұйыруын тілеп, жылы лебіз білдірді.

"Ниетің бар екен. Бұйырсын", "Көпбалалы ана атаныңыз", "Жақсы жаңалық естуді нәсіп етсін", "Сізге де бұйырсын", "Өзің секілді әдемі қыз өмірге келсін", "Келесісі сіз болыңыз", "Әнуардың артынан сәби сүйіңіз", "Тілекшіміз", - деп жазды желідегілер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2035273-quanysty-zanalygym-bolmai-qaldy-madina-saduaqasovanyn-zazbasy-kopsilikti-alandatyp-qoidy-foto/