Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оралға барған Ерке Есмаханды қайын атасы гүлмен қарсы алды (видео)

Жарияланған күні:

Ерке Есмахан мен Раим
Ерке Есмахан мен Раим. Фото: instagram.com/erke_esmahan

Ерке Есмахан жұбайы Раимның туған жеріне барғаны жайлы әлеуметтік желіде айтты. Жайық өңіріне барған әншіні қайын атасы гүлмен күтіп алған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бұл жайлы Ерке Есмахан Instagram парақшасында айтты.

"Ақ Жайыққа келдік. Папа, гүліңіз қандай әсем", - деп жазды Ерке Есмахан.

Видеодан Раим мен Ерке Есмаханды және ұлын көруге болады. Оларды әуежайдан Раимның әкесі күтіп алған.

Сонымен қатар ұлы мен немересінің бетінен сүйген әншінің әкесі, Ерке Есмаханға құшақ толы гүл ұсынды.

Айта кетейік, Ерке Есмаханның жұбайы Раим (Райымбек Бақтыгереев - ред.) Орал қаласы, Теректі ауданының тумасы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2035296-oralga-bargan-erke-esmaxandy-qaiyn-atasy-gulmen-kutip-aldy-video/